Жаһандық сындарға төтеп беру үшін түркі елдері бірге болуы керек – Ердоғанның Астанадағы сөзі

0

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде жаһандық сындарға төтеп беру үшін түркі елдері бірге болуы керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

«Әзербайжандағы соғыс аяқталғаннан кейін ол мемлекет Қарабақты қайтарып алды. Әзербайжанның бұл — үлкен жетістігі. Қазір бейбітшілікке қарай бір қадам жасадық. Арменияға өз міндеттерін орындау маңызды. Тағы бір маңыздысы – көлік дәлізі. Әзербайжанды Нахчыванмен байланыстыру керек. Бұл дәліз Түркияны Орталық Азиямен қосады. Орталық Азия — біздің бабалардың мекені. Бұл процестерді сәтті аяқтау үшін осы жұмысты сәтті жүргізу керек», — деді ол.

Ердоған «әділетсіздік болса, үнсіз қалмауымыз керек» деп Газадағы соғысқа жеке тоқталды.

«Мешіттер жарылып, босқындар, ауруханалар бомбаланып, күнәсіз балалар өліп жатыр. Бұл зорлық-зомбылықты еш ақтауға болмайды. Адамзатқа қарсы қылмыстар 28 күн бойы Газада орын алып жатыр. Түркияда біз гуманитарлық саясат ұстанып отырмыз. Айтамыз, айтып келе жатырмыз. Бейбіт халыққа қарсы шабуылды қолдамауымыз керек. Қарулы қақтығысты аяқтау керек. Мұсылман, еврей, христиан болсын, бейбітшілікте өмір сүру керек. Сол үшін 10 ұшақ гуманитарлық көмекті Газаға жібердік. Мүмкіндік болса тағы да жібереміз. Қарулы қақтығыстар аяқталып, түркі елдері бейбітшілікті қолдайды деген үміттеміз», — деді ол.

Ердоған Халықаралық Түркі ұйымы бүкіл әлемде абыройлы екенін айтты.

«Укриана мен Ресей арасындағы соғыс та әлемге кері әсерін тигізіп жатыр. Біз Түркияда бейбітшілікті қолдаймыз. Ауғанстандағы тұрақтылық өңірдегі қауіпсіздік пен жалпы қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді. Біз қазір Ауғанстанның басшылығына айтарымыз өте маңызды мәнге ие», — дейді ол.