Жағдайлары ауыр: Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кетті
Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 тамыз күні М.Жүнісов көшесіндегі бес қабатты үйде болды.
Жергілікті сағат 17.11-де ата-анасының қарауынсыз қалған 6 және 3 жастағы ағайынды екі ұл бала 5-қабат терезінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі мәлімет бойынша олар жабық бас-ми және іш жарақатын алып, милары шайқалған.
Жағдайлары ауыр.
Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де растады.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 60 жастағы ер адамның жетінші қабаттан құлап, көз жұмғанын жазған болатынбыз.