«Жаба алмайды»: Ләйлә Сұлтанқызының пікірі желіде қызу талқыға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

«Өз ойым» бағдарламасына қатысты желіде дау басталғалы Ләйлә Сұлтанқызы жеке парақшасында оқырмандардың пікір қалдыруына шектеу қойып тастаған. Танымал тележүргізуші бағдарлама айналасында туған даудан үндемей құтылғысы келетіндей. Есесіне Жазира Байырбекованың парақшасындағы Ләйләнің пікірі көптің қызу талқысына түскен, деп жазады Stan.kz.

Ләйлә СұлтанқызыЖазира Байырбекова еліміздегі букмекерлік кеңселерге қатысты наразылығын білдірген. 

«Букмекер орталығын ашып, қаншама отбасының шырқын бұзып отырған кәсіпкерлер біреулердің бақытсыздығынан тапқан арам ақшаға қалай перзенттерін тамақтандырады екен?! Жемқорлықпен, алдап-арбаумен, біреудің көз-жасынан тапқан табысты табыс емес, күндердің бір күні қарғыс болып тиетінін білмейді-ау кейбіреулер. Осындайларды мүлдем жауып тастау өкімет басшыларына соншама қиын шаруа ма? Неге Өзбекстан сияқты жауып тастамайды екен. Аллам түзу жолдан тайдырмасын!» — дейді Байырбекова. 

Оған Сұлтанқызы: 

«Жазира өкінішке орай жаппайды, жаба алмайды. Себеп салығы деген бар, заңмен қорғалғаны тағы бар. Қазір ештеңе емес метеорит сияқты дамып келе жатқан біздің елде 20 жылдан кейін жағдай қалай болады деп этнолог не социологтан сұрасаң, жағдай қорқыныштылау. Ал күресу жолын ешкім айтпайды, демек айта алмайды. Просто ол жоқ», — деп пікір қалдырған. 

Мұны көрген оқырмандар тележүргізушіге жабыла кетті. Көпшілігі Ләйлә бұл пікірді дау ортасында қалған «Өз ойым» бағдарламасына да қатысты айтып отыр деп топшылады. 

«Сіз бірінші өз бағдарламаңызды дұрыстап алыңызшы», «Сіз әлі Қазақстандасыз ба? Кетсеңізші», «Сіз ұлттың болашағына алаңдамай-ақ қойыңызшы, жаныңыз ашығандай болып. Ұялмай қалай жазып отырсыз осы пікірді? Ұятсыз», «Күшті жазыпсыз, тіпті не жазарымды білмеймін, кереметсіз деп айтайын десем ондай емес та», «Сен сөйлемей-ақ қойшы, ардан безген. Намыс, ар-ұят болса, қазақтың қаршадай қызын ар сатуға эфир алдына шығармас едің ғой. Сен сияқты әпкелерден Алла сақтасын», «Өз ойымды» да солай жаба алмайсыңдар дегенге келтіріп тұр ғой», — деп жазды желі қолданушылары. 


 



stan.kz