Зерттеушілер: Коронавирус түрленіп жатқандықтан инфекцияның қауіптілігі одан сайын артуда — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус мутацияға ұшырап, қазіргі таңда 30 түрлі вирустың штамына түрленген. Сол себепті онымен күресу де қиынға соғуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазыпты.

Қытайдың Чжэцзян университетінің ғалымдарының мәлімдеуінше, қазіргі таңда SARS-COV-2 вирусының ондаған түрі кездеседі екен. Қытайда анықталған вирус штамдары ең қауіптілердің бірі көрінеді, қазір осыған ұқсас вирус Еуропада таралуда. Ал АҚШ-тағы коронавирус әлдеқайта әлсіздеу сыңайлы. 

Зерттеудің авторлары вирустың мутацияға ұшырауы індеттің ауырлығына әсер ететінін алға тартады. 

Ғалымдар вирусты адам ағзасындағы жасушаларға етене еніп, оларды толығымен жойып жіберетін қасиетке ие екенін анықтапты. Қытай мен ауру асқынып кеткен Еуропаның Италия мен Испания сынды мемлекеттерінде вирустың ең күрделі түрлері табылыпты. Дәл осы коронавирус штамы АҚШ-тағы ауру ошағына айналған Нью-Йорк қаласында да тараған екен. 

Қазіргі таңда індетке шалдыққандардың саны 2 400 000 адамға жетіп отыр. Қауіпті індет 170 мың адамның өмірін қиған. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1900-ден асып кетті. 

 

stan.kz