Зерттеу жұмысы, Құмырсқа
Мақсатым:
Жалпы құмырсқа туралы жалпы мәлімет беру. Құмырсқаның түрлеріне тоқталу.
Жәндіктерді қорғап, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Міндетім:
Құмырсқа жайлы білгенімді балаларға жеткізу.
Құмырсқалардың пайдасы мен зиянын түсіндіру.
Құмырсқа туралы мәлімет.
Құмырсқа (Formicidae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.
Денесі, басы, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.
Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Осындай бір қызықты деректер тастардың арқасында анықталып, көпшілікті таң қалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір — ақ асып шықты.
Құмырсқалардың жер бетінде 6000 түрі болады екен.
Құмырсқаның пайдасы.
Құмырсқа тұнбасын жасап көріңіз
Құмырсқа тұнбасын суықтағанда, тұмауратқанда, ревматизммен ауырғанда терлеу үшін пайдаланады. Оны дайындау да өте оңай. Бөтелкеге жартысына келетіндей етіп құмырсқа саласыз. Үстінен толтыра спирт құясыз. Арақ болса да болады. Оны бірнеше күнге жылы жерге қоясыз. Бұл тұнбаны күніне үш мезгіл 20 — 60 тамшыдан ішіп тұру керек. Немесе осы тұнбаға дәкені батырып алып, ауырған жерге басуға болады.
Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады.
жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған.
Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан
қысымын реттеуде қолданылады.
Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.
Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған.
«Құмырсқаның» мүшесімен таныстыру.
Құмырсқа
↓
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады.
Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты «кеміргіш».
Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған.
Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген.
Улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – «құмырсқа қышқылы» деп аталады.
Құмырсқа түрлері:
10 мың триллиондай түрлері бар екен
Фараон құмырсқасы
Ұры құмырсқа
Соқыр құмырсқа
Солдат және оқ құмырсқасы
Ара құмырсқа
Шымды құмырсқа
Сары орман құмырсқасы
Бақ құмырсқасы
Гигант құмырсқасы
Мақпал құмырсқасы
Түрлі — түсті құмырсқа
Үй құмырсқасы
Макромир құмырсқасы
Фермер құмырсқа
Пробкоголовый
Жұмысшы құмырсқалар
Понера
Щитинистый
Қадалғыш құмырсқа
Бал құмырсқасы
Сары құмырсқа
«Құмырсқа» туралы тақпақ.
Құмырсқа туралы өлең
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа,
Алды допты орнынан,
Солға бұрылды,
Оңға бұрылды,
Қойды допты орнына.
Құмырсқа туралы өтірік өлең
Құмырсқа көлге шомылып,
Құмға аунады жағада.
Жазда қарға көміліп,
Аққала соқты далада
Құмырсқа туралы мақал — мәтел
Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл
Құмырсқа туралы ырымдар
— Құмырсқаның илеуін бұзба
Құмырсқа туралы жұмбақ
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
«Құмырсқаның» илеуі.
Илеу құмырсқалардың күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек қана топ — топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы құмырсқалардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді. Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын мұртшасымен тықылдатып қаққаннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!
«Құмырсқаның адам досы екендігіне көз жеткізу».
Құмырсқаның адамға ұқсас, беймәлім тұстары
Адамзаттың күйбең тірлігі, тынымсыз еңбек етуі секілді қасиеттердің барлығы кішкентай болса да, әлі зерттеліп бітпеген құмырсқалардың бойынан табылатыны ешкімге таңсық емес. Алайда, жыл өткен сайын ғалымдар құмырсқалардың бізге беймәлім, адамзаттың тұрмыс тіршілігіне ұқсас тұстарын ашуда. Мен сізге солардың ішіндегі таңдаулы үш жаңалықты ұсынамын.
ҚҰМЫРСҚАЛАР НАРАЗЫЛЫҒЫ
Бүгінгі қоғамда түрлі әлеуметтік жағдайға байланысты наразылықтар, шерулер, көтерілістер жиі орын алып жатады. Дәл сондай наразылықтар құмырсқалар арасында да орын алатынын білесіздер ме?
САНАСЫЗ ҚҰМЫРСҚАЛАР САНАЙ АЛАДЫ
Құмырсқалардың бір — бірімен байланысып, тілдесетіні ғылымға жаңалық емес. Алайда Сібір ғалымдары құмырсқалардың тек сөйлесіп қана қоймай, олардың тіпті санай алатын қабілеттері бар екенін анықтаған. Олар қосуды, алуды, тіпті қарапайым есептерді шығаруды да біледі екен.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Шелек ауылы, МКҚК «Бәйтерек» балалар бақшасы
Ортаңғы «Өркен» тобының тәрбиешісі:
Кондыбаева Салтанат Сакеновна
Зерттеу жұмысы: Құмырсқа слайд жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/