Зенченко сүтінде қауіпті бактерия табылды
Ресей Қазақстанда өндірілетін сүт маркасын саудалауға тыйым салынды
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек — Sputnik. Россельхознадзор ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Қазақстаннан баратын бірқатар өнімге уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейлік мамандар «Зенченко и К» сүтінде қауіпті бактерия — ішек таяқшаларын тапқан.
Ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Россельхознадзор зертханалық бақылауды күшейтіп отыр.
sputniknews.kz