Зеленский жиналыс кезінде біртүрлі қылық жасап отырды – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Желі қолданушылары президент қатты әсер ететін дәрі-дәрмек қолданады деп жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ужгород қаласының Закарпатье кеденіндегі отырыста өзін ерекше ұстағаны жайлы видео Интернетті шарлап кетті, деп хабарлады РИА Новости.  

Оқиға 2016 жылы болған, видеода Украина депутаты Дмитрий Добкин сөйлеп жатқанда саясаткер кенет оғаш әрекеттер жасай бастайды. Ол абыржып, жан-жағына қарағыштап, қайта-қайта су ішеді, ал бұл кезде бет әлпеті ұдайы өзгеріп отырады.      

Украина президентінің бұл әрекеті Желі қолданушыларының талқысына түсті. Кейбірі Зеленский қатты шаршап, күйзеліске түскені байқалатынын айтса, енді бірі президент қатты әсер ететін дәрі-дәрмек қолданады деген пікір білдірді.    



sputniknews.kz