Зеленский ресейліктердің Украинада жасаған қылмыстары туралы неге өтірік айтқанын түсіндірді

0
777
Фото delfi.lt сайтынан алынды

Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктердің Украинада қылмыс жасағанын не себепті мойындамайтынын жеткізді. Бұл туралы Зеленский Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған видео үндеуінде айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

«Біз өз жерімізді қорғап жатырмыз. Қарсыластарға жауап беріп жатырмыз. Біз серіктестермен байланысымызды дамытамыз. Жан-жақтан көмек алып жатырмыз. Әлемнің біздің қажеттіліктерімізге барынша назар аударуын қамтамасыз етеміз. Біз жаһандық талқылауға әсер етудеміз. Өз жерімізде халқымызды өлтіріп жатқан, бейбіт тұрғындарды азаптап, қалаларымызды қиратып, тонап, мазақ еткен әрбір қарсыласымызды ұстау үшін бәрін жасаймыз. Ресей не істеп жатыр? Теледидардан естігендерін қайталайтын шенеуніктері, үгітшілері мен қарапайым адамдары не істеп жатыр? Олар тек сылтау айтып, Украинада болып жатқан қылмыстарын жоққа шығаруда», — деді Зеленский.

«Олар Бучадағы оқиғаны өздері ұйымдастырғанын мойындамайды. Керісінше бізге жала жауып отыр.  Бучаны орыс әскерлері бақылауда ұстаған кезде бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны бәріне анық. Олар Ресейдің Украинаға қатысты ондаған жылдар бойы жүргізген саясаты қате болғанын мойындаудан қорқады және Ресейдің Украинамен бұрынғы қарым-қатынасында болғанның бәрін жоққа шығарып отыр», — деді мемлекет басшысы.

«Олар біздің халқымызды азаптап өлтірді. Оған да бізді кінәлап отыр. Бәрі қорқақтықтан болды. Қорқақтық өссе, ол апатқа айналады. Адамдар өз қателіктерін мойындауға, кешірім сұрауға, шындыққа бейімделуге батылы жетпесе, олар құбыжыққа айналады. Ал әлем мұны елемесе, құбыжықтар әлем оларға бейімделуі керек деп шешеді. Украина мұның бәрін тоқтатады. Олардың бәрін мойындайтын күні келеді. Қорғаныс, дипломатия, экономика, ақпараттық текетірес, заңдық жауапкершілік «Бізде барлық салада әрекет алгоритмдері бар. Әрбір мемлекеттік шенеунік өз міндетін біледі және оны жүз пайыз орындауы керек», — деді Зеленский.