Зеленский: “Навальныйды Путин өлтірді”

0

Оппозиционер Алексей Навальныйдың өліміне қатысты Украина президенті Владимир Зеленский пікір білдірді.

 «Алексей Навальный Ресей түрмесінде қайтыс болғаны белгілі болды. Әлбетте, оны Путин өлтірді. Оның кесірінен азапталып құрбан болған басқа да мыңдаған жандар секілді көз жұмды. Путинге кім өлетіні маңызды емес, тек ол өз позициясын сақтап қалса болғаны. Сол үшін Путин уысындағының бәрін жоғалтуы керек, бәрінен айырылып, істегені үшін жауап беруі керек», — деді Украина президенті.

Ақпарат: smartnews.kz

фото: Efrem Lukatsky