Зеленский мен Навальный Еуропаның ең ықпалды адамдарының қатарына кірді
Украина президенті Владимир Зеленский мен ресейлік саясаткер Алексей Навальный Politico басылымының 2023 жылғы нұсқасы бойынша Еуропаның ең ықпалды адамдарының рейтингіне енді, деп хабарлайды Kznews.kz.
Politico Украина президентін «Жылдың ең арманшыл адамы» деп атады. Басылым Зеленский сияқты басшылар «тарихтың бағытын өз әскерінің немесе экономикасының күшімен емес, сөзінің күшімен өзгертеді» деп жазады.
– Бұл риторикалық күш-жігер өз жемісін берді: Батыс одақтастары қаржылық көмек пен қазіргі замандағы қару-жарақпен қамтамасыз етті. 2024 жыл бір кездері әртіс болған президентке оңай болмайды. Мұның себебі – әлемнің назары Таяу Шығыстағы жаңа соғысқа ауы, ал украиндар «екі жылдық шайқастардан шаршай бастады», – делінген материалда.
Ресейлік саясаткер «Арманшылдар» номинациясында екінші орын алды. Оны рейтингте «ресейлік [Нельсон] Мандела» деп атады.
Politico басылымында «президент Владимир Путиннің Навальныйды улауы және оқшаулау жөніндегі барлық күш-жігеріне қарамастан, оппозиция диктатордың жауларына жасаған қатыгездігіне назар аудара отырып, наразылыққа рух береді» делінген.
Басылым сонымен қатар Навальныйды Ресейдің «іс жүзінде жалғыз оппозициялық көшбасшысы» деп атайды.
– Ол 2024 жылғы наурыздағы президент сайлауында Путинге қарсы тұра алмауы мүмкін. Бірақ Навальныйдың нақты күші мен денсаулығы әлсіреген сайын оның символикалық қуаты арта береді, — деп жазады журналистер.