Зеленский: Гостомельге жаудың десанты түсті, оның көзін жоямыз

0
3477

Владимир Зеленскийдің украин халқына айтқаны:

— Украина армиясы, шекарашылар, полиция күштері мен арнайы қызмет жаудың шабуылын тоқтатты. Қақтығыс тілімен айтқанда, мұны операциялық үзіліс деп атауға болады.

— Біздің Қарулы Күштеріміз Донбасста тамаша жұмыс атқаруда. Сарбаздарымыз Харьков бағытында қаланы сенімді түрде қорғап тұр.

— Ең проблемалық жағдай біз үшін оңтүстікте болып тұр. Біздің әскерлер Херсон қаласының маңында қызу ұрыстар өткізәп жатыр.

— Елдің солтүстігінде жау Чернигов облысында баяу алға жылжуда, бірақ оны ұстап тұратын күштеріміз жеткілікті.

— Житомир облысында қорғаныс сенімді түрде қойылды. Жаудың Гостомельге десанты түсірілуде, әскеріміз оларды жою әрекетін жасауда.