Зеленский: егер Путин келетін болса, Украина G20 саммитіне қатыспайды

0

Бұл туралы Владимир Зеленский Киевтегі Греция Президентімен бірлескен брифингте мәлімдеді.

«Менің жеке ұстанымым және Украинаның ұстанымы бойынша, егер Ресей Федерациясының көшбасшысы қатысатын болса, Украина одан бас тартады. Болашақта қалай болатынын көрейік», — деді ол.

Зеленский Индонезия Президентімен сөйлескенін және бұған дейін Индонезия басшысының Украинаға сапары болғанын еске салды.

«Қалай болғанда да, біз бүгін қайтадан шақырылдық. Әліптің артын бағамыз. Бірнеше күн қалды», — деді Украина президенті.

http://t.me/orda_kz

Фото: mc.bk55.ru