Зеленский АҚШ-ты Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды

0

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский АҚШ-ты антиресейлік санкцияларды күшейтуге шақырды деп хабарлайды РИА Новости.

Салтанатты рәсімнен кейін Зеленский Киевке арнайы келген Ақ үй өкілдерімен кездесті.

«Донбасс пен Қырымдағы ресейлік агрессияны өзіміз жеңе алмаймыз. Сондықтан бізге көмек қажет. Сізді АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын күшейтуді жалғастыруға шақырамын», — деді президент.

Зеленскийдің айтуынша, Вашингтон Киевтің «ресейлік агрессияны жеңудегі» негізгі серіктесі болып қала береді.

Бұдан бөлек, украиналық көшбасшы ішкі реформалар мен қауіпсіздікке көмектескені үшін шетелдік әріптестеріне алғысын білдірді және АҚШ-тың демократиясын «жақсы үлгі» деп атады.