«Зеленский АҚШ мүддесін мүлде ескермейді!»

0
65
novostivl.ru

Fox News тележүргізушісі Карлсон Зеленскийді АҚШ мүдделерін ескермеді деп айыптады.

«Владимир Зеленский АҚШ мүдделерін толық ескермегенін көрсетті», — деді Fox News жүргізушісі Такер Карлсон.

Бұған дейін Зеленский британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында АҚШ-тағы инфляция ресми Вашингтонның Украинаға қаржылық және материалдық көмек көрсетуінен туындағанын айтты. Бірақ бұл екінші орындағы мәселе болып саналуы керек екенін алға тартты.

«Инфлияция да, коронавирус та түкке тұрмайды», — деді ол.

Американдықтар АҚШ-тың Еуропадағы қақтығыстарға араласып, көп шығындалып жатқанына ашынады. Карлсонның айтуынша, Украина АҚШ-тың  дағдарысқа ұшырап жатқанын мүлде елемейді.

«Зеленский АҚШ-тың саясатына араласпауы керек. Ал Байден алдымен халқының жағдайын ойлап, мүдделерін ескеру қажет» — деді.

Ақпарат: lenta.ru