Зейнеткерлер несиесі 2021 жылдың мамыр айына дейін шегерілді

0
1195
Сурет: aerc.org.kz

Ресейде зейнетке шыққан қарияларға несиесін 2021 жылдың 1 мамырынан бастап төлеуге заңмен рұқсат етілді. Яғни зейнетақы төлеу мерзімі төрт айға шегеріліп отыр.

РИА Новости, Бұдан бұрын өтеу мерзімі 2020 жылдың 1 қазанына  дейінгі қарыздарды ғана кейінге қалдыру қарастырылған еді. Бизнес өкілдеріне де осындай жеңілдік берілмек.  Берешекті өтемеуге рұқсат барлық зейнеткерлерге бірдей берілмейді. Оны пайдалану үшін қарт адамныңқарызы 1 миллион рубльден аспауы тиіс. Бұл ретте оның қарттық, мүгедектік немесе асыраушысынан айрылу бойынша зейнетақы түріндегі табысы 2 ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс.

Берешегін төлеуді кейінге шегергісі келетін зейнеткерлер төлемдерді екі жылдан аспайтын мерзімге бөліп төлеуді рәсімдеуі қажет. Бұл уақытта оларға өз мүлкін сатуға немесе сыйға тартуға тыйым салынады. Сонымен бірге, сот орындаушылары  2021 жылдың шілдесіне дейін борышкерлерді пәтерлерден шығарып тастай алмайды немесе автомобильдерден, мотоциклдерден және өзге де жеке көліктерден басқа мүліктеріне тыйым сала алмайды. Заңды тұлғалар үшін қарыз сомасы 15 миллион рубльден аспайтын жағдайда салықтар, алымдар немесе несиелік міндеттемелер бойынша берешекті бөліп төлеуге рұқсат етіледі.