Зейнеткер лотереядан шатасып, қомақты ақша ұтып алды
Мэриленд штатының тұрғыны 20 жылда бірінші рет қалыптан тыс нөмірлі лотерея ойнап, қомақты қаражат ұтып алды.
Ер адам 2-4-7-12-31 сандарын пайдалану арқылы көп жыл бойы лоторея ойнап келген. Алайда, 70 жастағы америкалық азамат соңғы рет лотереяны толтыру кезінде шатасып, 12 санының орнына 11 деп жазады. Бұл қателіктің арқасында ол 50015 доллар ұтып алған.
Оның айтуынша, 2 мен 7 сандары оның өз туған күнімен, 4 саны – үйленген күнімен байланысты. Алайда, не себепті 12 мен 31 сандарын таңдағаны есінде жоқ. Ол ұтысты лотерея билетін үйінің жанындағы азық-түлік дүкенінен сатып алған.
«Мен зейнетке шыққалы бері осында кіріп, кофе аламын», — дейді америкалық.
Ол әйелімен ақылдаса келе, соманың жартысын жөндеу жұмыстарына, қалған жартысын үш немерелері арасында бөлуді жөн санаған.
Дереккөз: Baq.kz