Зейнетақы жинағын пайдалану: Мәулен Әшімбаев 10% салықты төлеу жолын түсіндірді

0

Ол зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін мерзімінен бұрын алған азаматтар 10 пайыз салықты қандай тәртіппен төлейтінін түсіндірді.

«Жұмыс істейтіндер ай сайын зейнетақы қорына ақша аударып отыр. Сол жинақтың бір бөлігін алу – қазір өзекті мәселенің бірі. Алуға рұқсат беріледі. Сол зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде қазіргі заңнамаға сәйкес, бәріміз 10 пайыз табыс салығын төлеуіміз керек. Бұл – бұрыннан бар талап. Зейнетақы алып жатқан азаматтар сол 10 пайыз салықты төлеп жатыр. Қазір біздің азаматтарға соны төлеу қиын шығар. Осы мәселеге байланысты жаңа тәсіл ұсынып отырмыз. Мәселен, келесі жылдан бастап азаматтар өзінің зейнетақы қорынан 1 миллион теңгесін алатын болса, ол 10 пайыз салықты, яғни 100 мың теңгені бірден төлемей, зейнетке шыққаннан кейін 16 жылдың ішінде бөліп төлейтін болады. Инфляция бар, басқасы бар, ол кезде енді жеңілдеу болады», – деді Мәулен Әшімбаев.

23 желтоқсан күні Парламент зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты заңды қабылдады.