Зейнетақы қорындағы ақшаны көлік алуға жұмсауға рұқсат берілуі мүмкін

0

Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаны көлік сатып алуға жұмсауға рұқсат беруге ұсыныс жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты.

Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық автобизнес ассоциациясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ел азаматтарының зейнетақы қорындағы қаржысын автокөлік сатып алуға жұмсауға рұқсат беруді ұсынған. Ал аталған ведомство бұл ұсынысты Ұлттық экономика министрлігіне жолдап отыр.

«БЗЖҚ-дағы қаржының тек пәтер алуға ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанда жасалған көлік сатып алуға жұмсауға ұсыныс жасалды. Әрине, азаматтарымыз үшін пәтер өте маңызды, сондай-ақ, қазақстандықтарға көлігін жаңалап алуға да бұл үлкен мүмкіндік болар еді. Машина жасаушылар мен автокомпаниялар үшін бұл қызықты идея» дейді Н.Смағұлов.