Зейнет жасына келген Тасмағамбетов қызметінде қала ма?

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі дипломаттар мемлекеттік қызметші екенін және елдің заңына бағынатынын айтты. Алайда шешімді мемлекет басшысы қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Дипломаттар зейнет жасына келгенде  жұмысынан кетеді. Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев осылай деді.

Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов 9 желтоқсан күні 63 жасқа толды. Бұл жаста елде ер адамдар зейнетке шығады. Әлеуметтік желіде саясаткердің алдағы карьерасы қызу талқыланып жатыр.

«Тасмағамбетовтің немен айналысатынын білмеймін. Мұны жетекшіліктен сұрау керек», — деді Нұрышев.

Ол дипломаттар мемлекеттік қызметші екенін айтты. Сондықтан олар елдің заңына бағынады. Алайда шешімді мемлекет басшысы қабылдайды.

Тағы оқыңыз: Мұғалім, премьер, елші: Иманғали Тасмағамбетов туралы не білеміз?

Sputnik Қазақстан тілшісі дипломат қандай жағдайда өз орнын сақтап қалды деген сұрақ қойды.

«Мұны мемлекет басшысы шешеді», — деді министрдің бірінші орынбасары.

Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың 3 ақпанынан бері Қазақстанның Ресейдегі елшісі.



sputniknews.kz