«Зашағанның» әкімі: Өкініп тұрмын. Кешірім сұраймыз

0

БҚО-дағы Орал қаласына қарасты «Зашаған» ықшамауданның әкімі Әділбек Қадыровке қоңырау шалып, Құрманғазы Сағырбайұлының орнына Жамбыл Жабаевтың бейнесі бейнеленген аялдамадағы қателік туралы сөйлестік:

–Әділбек мырза, аялдамадағы қателік жайлы хабардар шығарсыз. 

–Әрине, аялдамадағы бейнені  алып тастадық. Жалпы, бұл баннердің тұрғанына да көп бола қойған жоқ.

–Мұндай қателікке қалайша бой алдырдыңыздар?

–Тапсырыс беруші — бізбіз. Тапсырысты орындаған — ақтөбелік компания «Тенгиз 2007» ЖШС. Алайда бүкіл жауапкершілік менің мойнымда. Жауапкершіліктен сондықтан да қашпаймын. Негізі, мақсатым — өскелең ұрпақтың ұлы тұлғаларды тануына септік тигізу болатын. Өкінішке қарай, «артық қыламыз» деп, тыртық қылдық. Өз басым орыстілді болсам да, елімнің шынайы патриотымын. Аялдамаларға осындай баннерді ілу менің инициативам болатын. Екі ұлы тұлғаны шатастырғанымыз өкінішті.

–Басқа алып-қосарыңыз бар ма? Кешірімді кім сұрайды?

–Өзіміздің сайтымыз бар, парақшам да, халықпен тікелей эфирге шығатын. Жіберілген қателік үшін  кешірім сұраймыз.

«Қамшы» сілтейді