Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Халық» қоры 2 миллиард теңге бөліп отыр

0
356

Қаңтар айының басындағы оқиғалары Қазақстан халқы мен экономикасына орасан зор шығын әкелді. Осындай қиын-қыстау кезеңде «Халық» Қайырымдылық Қоры мемлекет пен отандастарымызға қолдау көрсетіп, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 2 млрд теңге көлемінде қаржылай көмек көрсету жайлы шешім қабылдады.

Бөлінген қаражат шұғыл мәселелерді шешуге жұмсалады: төтенше жағдайларда және төтенше жағдайды енгізу кезеңінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының халқына көмек көрсету; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздiгiн қорғау кезiнде қаза тапты деп жарияланған құқық қорғау органдарының, арнаулы органдардың, әскери қызметшiлердiң отбасыларына қолдау көрсету; қираған объектілерді қалпына келтіру.

«Қазір бұрынғыдан да бірлік пен бірлескен, біртұтас күш-жігер маңызды — біз азаматтарға, бүкіл қоғамға еліміздегі болған қайғылы оқиғалардың ауыр зардаптарын жеңуге көмектесуіміз керек. Біз бірге барлық сын-қатер мен қиындықтарды жеңетінімізге шын жүректен сенеміз: бірлік – біздің күшіміз. Осы нәзік әлемде жақсылықтың, сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың және жақсылыққа деген сенімнің қаншалықты маңызды екенін бәріміз енді түсінеміз. Біз отандастарымызды шетте қалмай, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуге шақырамыз. Баршаңызға шын жүректен ашық аспан, зор денсаулық және амандық тілейміз.», — деп хабарланады қордың үндеуінде.

Бұған дейін Халық банкі шағын және микро бизнес секторы кәсіпкерлерін тікелей атаулы қолдауға, қираған нысандарды қалпына келтіруге және басқа да шұғыл шешімдерді қажет ететін міндеттерге өз қаражатынан 3 млрд теңге бөлетінін хабарлаған болатын. Жалпы, «Халық» Тобы қазір зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жалпы сомасы 5 млрд теңге бөлді.