зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Страсбургтің көшелеріндегі атыс кезінде үш адам қаза тауып, он екісі жарақаттанды

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық дипломаттар Францияның Страсбург қаласының көшелерінде болған атыс кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. 

Ер адам сейсенбі күні кешке Страсбург рождестволық жәрмеңкесіне келушілерге оқ жаудырды. Соңғы мәлімет бойынша, үш адам қаза тауып, он екісі зардап шеккен. Қылмыскер такси көлігін басып алып, ізін суытқан. Әзірге ұсталған жоқ. Кейбір ақпарат бойынша, оқ қаланың үш жерінен атылған. 

 «Францияда жүрген азаматтарымыздың есіне саламыз, төтенше жағдай туындаған кезде шетелдегі мекеменің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайттарында көрсетілген байланыс арқылы елшілікке дереу хабарласыңыз», — деп жазылған сыртқы саяси ведомствоның Telegram-арнасындағы хабарламасында.  

Теракт деп танылған қантөгісті 29 жастағы Страсбург тумасы жасаған болуы мүмкін.  Күдікті бұрын сотталған. Құқық қорғаушылар оның үйін тінту кезінде әскери гранатталар тапты. 

Страсбургте қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланды. Елде тәртіпсіздіктерге байланысты кешегі күннен бастап төтенше жағдай режимі енгізілді, қауіпсіздік шаралар күшейтілді.   


Дереккөз: https://sputniknews.kz/