зардап шеккен ер адам ауыр халде жатыр
Қысқа сілтеме алу
Зардап шегуші қалалық ауруханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Алматы тұрғыны қолындағы белгісіз заттың жарылуынан зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы өте ауыр – ауруханаға түскен кезде денесі, қол-аяғы күйіп, миы шайқалғаны анықталған.
Төтенше оқиға 16 сәуір күні таңертең Алматының Жетісу ауданында болды.
«Белгісіз затты пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан, 1985 жылы туған азамат И. күйіп қалды», — делінген Алматының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер хабарлағандай, зардап шеккеннің қолында қандай зат жарылғаны әлі белгісіз. Қазір бұл жайтты жедел тергеу тобының қызметкерлері анықтап жатыр.
Нұр-Сұлтандағы жарылыс: үйінді астынан әйел адамның денесі табылды
«Оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді, заттың не екені анықталып жатыр», — деп мәлімет берді тәртіп сақшылары.
Зардап шегуші Алматыдағы ауруханалардың бірінде жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, денесі мен қол-аяғы күйіп қалған, миы шайқалып, қолынан бірнеше жарақат алған екен.
Павлодарда бес қабатты үйде жарылыс болды
sputniknews.kz