«Зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған». Шымкентте асырап алған ата-анасы балаларды аяусыз қорлаған
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Закиева желідегі жеке парақшасында адам шошырлық бір жағдаймен бөлісті. Ол Шымкенттегі асырап алынған балалардың ауыр тағдырымен бөлісті.
«Бұл қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бұл оқиғада біраз сұмдық бар. Соның бірі, балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергеліп жатыр. Бұл жағдайда балалардың үлкенінің денесіндегі көгерген жерлерді көрген мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына сұрақ көп. Оларға қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр», — деп жазды Динара Закиева.
Уәкіл тергеу ісінің жүріп жатқанын мәлімдеді.
фото: na-dache.pro