«Заңсыз митингке шақырғаны үшін»: Жанболат Мамай қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жанболат Мамай мен Жанбол Рахматулла митингке қатысуға адамдарды үгіттегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанболат Мамай«21 ақпанда 1988 жылы туған Мамай Жанболат пен 1991 жылы туған Рахматулла Жанболды Алматы облысы Қарасай ауданының ІІБ қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстады», — деп хабарлады ІІМ-де.

Сондай-ақ Мамай мен Рахматулла адамдарды заңсыз митингке шақырып, әлеуметтік желілерде үндеу жасағаны үшін ұсталғанын полиция өкілдері атап өтті.

Қарасай аудандық сотының қаулысымен Жанболат Мамайға үш тәулікке, Рахматуллаға 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Мұхтар Әблязовтың шақыруына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Бас прокуратурада Қазақстанда тыйым салынған «ДВК» экстремистік ұйымының қызметіне кез келген қатысу қылмыстық кодекстің 258 («экстремистік қызметті қаржыландыру және экстремизмге өзге де жәрдемдесу») және 405 («экстремизмді жүзеге асыруға байланысты оның қызметіне тыйым салу туралы сот шешімі бар ұйымның қызметіне қатысу») баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.

stan.kz