Заңгер жалаңаштанған жамбылдық қызды сотқа берді
Мүсір Құрманғазы атты заңгер әлеуметтік желіде аты шыққан Шырын Наршаеваның үстінен іс қозғау жөнінде арызданды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Арыз нұсқасы:
«Жамбыл облысы Ішкі істер
Департаментінің бастығы
полиция полковнигі А. Оразалиев мырзаға
Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Прокуроры
3- ші сыныптық әділет кеңесшісі
И. Иманов мырзаға
Жамбыл облысының Әкімі аппаратының Ішкі саясат басқармасының
басшысы Б. Құрманғалиға
ханымға
Арыз
Менің арыз беру себебім, үстіміздегі 2018 жылдың желтоқсан айының басында «Instagram» әлеуметтік желісінде, Шырын Наршаева (forrwardemon, shirin_bloger, forrwarddemonss, narshaevashirin, shyryn_narshaeva, shyryn_narsha, forwarddemonns, shirinnarchaeva_team, _shyrynnarshaeva, forrworddemon_official, forwarddemmon) атпен құрылған жеке парақшаларда, Қазақстан Республикасының азаматтарының, Қазақ ұлтының тарихи құндылығы, мақтанышы болып танылатын Ұлттық киім кимешекті жартылай киіп, денесінің кеуде тұсын жалаңаштатып, өзін «қазақ қызымын» деп таныстырып, ұлттық рухани маңыздылығы мен құндылығы бар, тарихи мақтаныш болып танылатын әшекейлі киімді қорлай отырып, жапанға жар салып белгісіз азаматша жарияланған болатын. Арада көп ұзамай, аталмыш желідегі басқа да тұтынушылардың және «youtube» желілеріне тарап кеткен қоғамдық үрейден соң, аталған Шырын Наршаеваның ізін қуушылар, яғни бастапқы Шырын Наршаеваның жариялаған бейнесіне пародия ретінде «Instagram» желісіне белгісіз азият ұлттық екі жігіт бейнетаспа жариялап, онсыз да мазақ қылып тұрған Қазақ қыздарының ұлттық киімін одан беттер қорлап, жапанға жар салып қорлап отыр. Аталған жағымсыз, тексіз іс әрекеттермен, аталған тұлғалар өздерінің шығу тегінің жоқтығын баяндап қоймай, Қазақ Ұлтының тарихи маңыздылығы бар, мақтанышы болып табылатын Қазақ қыздарының көнеден келе жатқан әшекейлі заттарын: үкілі сәукеле, тұрмаша, шолпы, шашбау, қапсырма, алқа және де тағы басқа ұлттық қазына болып саналатын киім кешек пен әшекейлі бұйымдарды қорлап, халықтың ғасырлар бойы жан беріп, қан төгіп қорғап келген ұлттық намыс пен абыройын қорлады.
Сондай-ақ Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы ішкі саясат бөліміне қазақтың ұлттық құндылықтарын қорлаған Шырын Наршаеваның іс-әрекетіне тоқтау салуды сұрайды.