Заңгер: «Топтық кісі зорлап, қаржы жымқырған шендіні прокуратура мен полиция қорғап отыр»

0
463

Заңгер Айман Омарова «Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде 3 тұлғаға қатысты топтық зорлау фактісі бойынша 2018 жылғы № 187 111 031 002 969 ісі 3 жылдан бері қозғалмай тұр» дейді.

«Аталған үш тұлғаның екеуі сол 2018 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері, бірі солардың жұмыс істемейтін, оқымаған ағайын інісі болған. Жүргізілген сараптамалар бойынша 1-сараптама ағасын, екінші сараптама інісін, үшінші комплекстік сараптама үшеуінің де қатысы болуы мүмкін деп көрсеткен. Ал тергеу барысында үш тұлға да бастапқы 4-5 ай бойы «жыныстық қатынасқа түспедік» деген болатын. Ал, сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана «ерікті түрде болдым» деп біреуі ғана, яғни, жұмыссыз жүрген інісі ғана мойындайды.

Тергеуші Дидар Нұралы мен Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының прокуроры Әбдіқадыр Бейбіт тергеу амалдарын жүргізбестен, істі бірнеше рет заңсыз қысқартты. Мысалы, Сараптама жүргізу туралы бір ғана тергеу амалы – Комиссиялық сот-биологиялық сараптама жүргізу туралы біздің өтінішімізді тергеушілер 2-3 қанағаттандырады, бірақ тағайындамай, істі қысқарта салады. Жәбірленуші Нұр-Сұлтан қаласының прокурорының қабылдауында бірнеше рет барған.

Прокурор орынбасары Абилов мырза және Мырзакереев мырза өз бақылауыма аламын, қадағалаймын деп, тиісті қаулымен тергеушілерге нұсқаулар береді. Прокурорлардың нұсқаулары да, сот шешімдері де орындалмайды. Бірнеше рет Сот болып, Сот шешімдерімен де істі қайта Тергеушіге қайтарады. Мысалы, 2020 жылғы ноябрьде бірінші сот инстанциясы, Аппеляция да істі тергеушіге қайтарды. Ал тергеуші бір де бір тергеу амалын жүргізбестен, 25 декабрьде істі қайта қысқартқан. Біз қайтадан сотқа шағымданамыз… Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған тергеу сотының судьясы Бабатов Алмат Мешитбаевич істі қайтадан тергеушіге қайтарды. Әділетті шешімі үшін Судья Бабатов мырзаға алғысымыз шексіз!» дейді заңгер.