Заңгер: Мемлекет 42500 теңге жәрдемақы төлеуді жалғастыруы керек — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық заңгер Жангелді Сүйлейманов 42500 теңгенің жырын айтты. Маман мемлекеттің 42500 теңге жәрдемақы төлеуін жалғастыруды тадап етті.
Бұл туралы заңгер Facebook парақшасында жазды.
«Мемлекет 42500 теңге жәрдемақыны төлеуді жалғастыруы керек. Еңбек министрлігінің карантинге байланысты жұмыс істемей отырғанға берілетін төлемі жайлы жазғанын оқыдым. Еңбек министрлігі заңға сәйкес, бос тұрып қалған жағдайда төлемді жұмыс беруші беруі керек дейді.
Еңбек министрлігі еңбек кодексін білмейді. Бос тұрып қалу деген — экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап қалуы. Карантинге мұның ешқайсысына жатпайды. Сол себепті мемлекет 42500 теңге жәрдемақыны карантинге байланысты жұмыс істемегендерге төлеуі тиіс.», — деп жазды Сүлейманов.
Заңгердің айтуынша, төлемді жұмыс беруші төлесін деген нұсқау мүлде қисынсыз. Заң бойынша, қазіргі жағдайда мемлекет есебінен жәрдемақы төленуі керек.
«Еңбек минисрлігінің төтенше жағдайда берілген 42500 теңге жайлы ұстанымы өз-өзіне қайшы келеді. Министрліктің логикасы бойынша, ол кезде де бос тұрып қалу жағдайына байланысты мемлекет ешкімге 42500 теңге жәрдемақы бермеуі тиіс еді дейді.
Оның үстіне, бұл бюджет ақшасы емес, біздің мемлекеттік сақтандыруы қорына құйған қаражатымыз. Ең жаманы — еңбек министрлігі жұмысшыларға жұмыс беруші төлем бермеген жағдайда, мемлекеттік сақтандыру қорына шағымдануды сұрайды.
Мүлде естерінен алжасқан. Жұмысшыларды жұмыс берушісіне қарсы қойып жатыр. Министрлік жұмысшылардың одан әрі де жұмыс істеу керек екенін түсінбей ме? Карантинге байланысты жұмысы тоқтағандардың бәріне 42500 теңге төленуін талап етемін», — деп жазды заңгер.
stan.kz