«Заңгер айналысып жатыр»: Ерлан Көкеев өзіне тағылған айыпқа жауап берді

0

Танымал әнші, музыкант Ерлан Көкеев мас күйінде көлік жүргізіп, Түркияның Аланья қаласында адам қағып кеткен. Әншіге іздеу салынып жатқанын журналист Гүлмира Әбіқай жеке парақшасында айтқан болатын. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл жазда әнші отбасымен Аланья қаласында демалған. Атышулы іске байланысты “ешқайда қашпадым” деп ақталып отыр.

«Заң аясында ғана жауап беруге тиіс болғандықтан әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз құжаттарды дайындап жатырмыз. Онымен айналысып жатқан заңгер бар. Ешқайда жасырынбадым, қашып кетпедім. Әлеуметтік желіні жүргізіп отырмын. Сондықтан, бұл іске қатысты қандай да бір шешім шықса, халыққа бірден жариялауға тырысамын», – деді әнші.

Өзінің айтуынша, осы іске қатысты баспасөз конференциясы ұйымдастырылып жатқан көрінеді.

Еске салайық, журналистің мәліметінше, әншінің қаққан жігіті ауруханаға жеткізілген көрінеді. Бәрібір денсаулығы оңалмай, қазір мүгедек болып қалғанын айтқан журналистің құрбысы.. Түркия заңы бойынша, жол-көлік оқиғасының барлық шығынын рульдегі жүргізуші емес, көлік рәсімделген иесі көтереді. “Көлік пен медициналық сақтандыру, кепіл ақысы мен сот отырысының шығыны 34мың € болғанын жазған болатынбыз.