Заңгер Айгүл Орынбек ұсталды
Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек ұсталды.
Бұл туралы Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында жазды.
«Koza4kov_bot-қа Шымкентте блогер Айгүл Орынбектің бүгін ұсталғанын жазып жатыр. Қазір ол полицияда. Ол «Алаяқтық», «Сотқа дейінгі деректерді жария ету» және «Сот төрелігіне кедергі жасау» баптары бойынша күдікке ілінген», — деп жазды журналист.
Шымкент полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Айгүл Орынбекті Шымкент қаласының полиция департаменті ұстамағанын хабарлаймыз», — делінген ведомство таратқан хабарламада.