Заңгер Аягүл Мантай туралы: «Нөмірімді сұрады, ол мені жайдан-жай іздемейді…»

0
2449

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек бүгін өмірден озған талантты жаз жазушы Аягүл Мантайдың жақында өзіне хабарласап, телефон нөмірін сұрағанын жазды.

«Жыртқыш аңдардан емес, екі аяқты адамдардан қорқу керек!

Аягүлдің тек жазбаларын оқып, сырттай сүйсініп жүретін едім.

Менің нөмірімді сұраған да, мені адамдар жәйдан жәй іздемейтінін білген соң бірден бердім.

Хабарласады деп күттім, тіпті хабар болмаған соң бүгін түнде ішім бір жамандықты сезген екен ғой, “Ая сізде бәрі жақсы ма?”,- деп өзім жаздым.

Өкінішке орай таңда қаралы хабарды оқып есеңгіреп қалдым.

Біздің қоғамның қатыгез екеніне баяғыда көзім жеткен!

Елдің мәселесіне келгенде жақ ашпайды!

Біреудің жеке басының өсегімен, төсегі жазыла қалса, құзғындардай жиналып іштегі құсықтарын құсады.

Бір адамға болса да көмегім тисін деген жақсы ниетіңнің бәрін күл талқанын шығарады!

Аяның өліміне себепші болған скрин тасушы еркек кіндіктінің бетіне түкіргім келіп отыр.

Ая қыздың басына іс түскенде жағасын төсеп, еңсесін көтеріп, демеп жіберетін қасынан мықты достың, ағаның, әпкенің, інілердің табылмағаны өкінішті…

Аяны танитындар қалайша айрылып қалдыңдар?

Адамды жақсы танимыз деп ойлаймыз, жақсы танитын адамыңның ішінде не болып жатқанына үңілмейміз. Аузымызға келгенін құсып жеке басқа өтеміз. Бұл қәзіргі қоғамның дерті…

Еркегі қалмаған өмірде еркек болып қалу керек едің Ая

Иманды бол, мен сенімен ерте танысуым керек еді…..» деп жазды заңгер.