Заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

0
23

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазақстандықтар арасында жүргізуші куәлігі болмаса да, көлік жүргізетіндер көп. Мұны ескеріп, министрлік жазаны қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көлікті мас күйінде айдағаны үшін жаза қалай қатаңдатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қожаев жазаны қатаңдату мәселесінде Қазақстан Ресей мен Беларусьтің тәжірибесіне арқа сүйейтінін атап өтті.

«Беларусь заңнамасында заң бұзушылық жасағанына қарамастан, көлік айдайтын жүргізушінің автокөлігін тәркілеу жазасы қарастырылған. Біз де осы жолмен жүреміз. Белгілі бір құқық құзушылықтар бойынша санкцияны күшейтеміз. Ең алдымен, бұл жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік тізгіндеген, соның ішінде мас күйінде жүргізген адамдарға қатысты», – деді ол мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, қазақстандықтар арасында жүргізуші куәлігі болмаса да, көлік жүргізетіндер көп. Осыны ескеріп, министрлік жазаны қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қожаев жазалау шарасы жүргізуші жасаған заң бұзушылыққа сәйкес болатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Президент заңға өзгерту енгізуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.



sputniknews.kz