Заң алдында бәрі бірдей: Өскемен әкімдігі жылы аялдамаларда түнеп жүрген үйсіздерді жақтап шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Өскемен қаласының билігі үйсіздердің жылы аялдамаларды түнейтін орынға айналдырып алғаны туралы тұрғындардың шағымына жауап берді. Олар заң бойынша тыйым сала алмайтындарын айтты.

Заң алдында бәрі бірдей: Өскемен әкімдігі жылы аялдамаларда түнеп жүрген үйсіздерді жақтап шықты

Тұрғындардың шағымына жауап берген Өскемен әкімдігіндегілер үйсіздердің ешқандай заңды бұзбағанын және олардың құқығын таптауға болмайтынын айтты, деп жазады YK-news.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz

«Конституцияға сәйкес, заң мен соттың алдында бәрі бірдей. Шыққан тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, сеніміне, тұрып жатқан орнына немесе басқа да жағдайларға байланысты ешкімнің құқығын таптауға болмайды», — дейді әкімдіктегілер.  

Қалалық шенеуніктердің сөзінше, Конституциядағы дәл осы бап үйсіздердің жылы аялдамаларда мекендеуіне мүмкіндік береді. 

Десе де әкімдіктегілер кей жағдайда полиция шақыруға кеңес берді. Тәртіп сақшылары үйсіздердің құжаттарын тексеріп, ол болмаған жағдайда тұлғасын, қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін аумақтық бөлімге алып барып, сонымен қатар оларды тұрғылықты орны жоқ тұлғаларға арналған әкімшілік қабылдаушы-бөлушіге жіберуге құқылы.

Сондай-ақ, полиция департаментіндегілер егер азаматтың құжаттары бар болса және ол айналасындағыларға қауіп төндірмесе, инспекторлардың оларды ұстап, қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салуға құзыреті жоқ екенін түсіндірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz