Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерде бой көтеретіні белгілі болды

Алматы облысында қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жұмыстары аясында басқосу өтті, — деп хабарлайды Kznews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемалары туралы сөз қозғалды», — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, ескерткіш салуда көпшіліктің пікірі ескерілгені, Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отырғаны айтылды.
фото: voxpopuli.kz