Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың неке қию сәтіндегі видеосы тарады
Мақпал Жүнісова туған күнінде тарихи сәттің бір фрагментін көрсеткен
Мақпал Жүнісова тоқсан жасқа таяған анасының оны құттықтаған сәтінен бірнеше видео түсіріп алып, оны айна-қатесіз, яғни, монтаждамай жеке парақшасына жүктеген. Одан басқа Мақпал Жүнісова жас кезіндегі суретін, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын, құрбы-құрдастарының үйіне құттықтап келген видеоларын жариялаған.
Ал, өнердегі өзінен үлкен-кіші әріптестерінің құттықтау видеоларын жүктеген Мақпал Жүнісова ол кадрларды марқұм Заманбек Нұрқаділовпен неке қидырған сәтіндегі суретімен бастаған. Бұл суретті әнші осыдан бес жыл бұрын бір рет таратып, алайда, белгісіз себептерге байланысты оны жойып тастаған екен.
Ал туған күніне арналған видеолар арасында осы фрагментті көрсеткен әнші көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жатыр.