Заманауи қарақшылық: Tesla Model S-ті ұрлаушылар видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

0

Ұрлық көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнеде машинаны ұрлаған екі ер адам көрінеді. Бұл туралы KzNews порталы korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Интернетте Tesla Model S автокөлігін ұрлап кеткен бейне пайда болды, оқиға жергілікті бақылау камерасына жазылған. Бейнені Антони Кеннеди есімді қолданушы YouTube арнасында орналастырды.

Бейне көрсеткендей, шабуылдаушылар машинаны алдымен планшет арқылы ашып алды. Содан кейін зарядтау кабелін қалай ажыратуға болатынын біле алмай жүргендері көрінеді.

Кейінірек, Тесла иесі бұл ұрлыққа өзінің де кінәлі екенін айтты. Ол автокөлікті осындай бұзудан қорғайтын функцияны қоса алмаған.

Автокөліктің нарықтағы құны 45 мың АҚШ долларын құрайды.


Тегтер:ұрлық