«Зәкең тірі болғанда»: Мақпал Жүнісованың 23 жыл бұрынғы видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

0

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында осыдан 23 жыл бұрынғы видеосын жариялады.

Видеода ақын-композитор Талғат Атшыбаевтың “Шалқымалы” әнін орындап жатқан сәті бейнеленген. Оқырман Мақпал Жүнісованың келісті келбетіне таңғалып, ерекше пікір білдіруде.

Халық әртісіне «Әттең, Зәкең тірі болғанда бәрі басқаша болар еді», «Көйлегіңіз өте әдемі», «Бақытты әйел болған уақыт», «Ер азаматың болғаны қандай жақсы, арқа сүйейсің, еркелейсің», — деп жазуда.