Зайырлы мемлекеттің діни ұстанымдарына қатысты жиын өтті
Астана, BAQ.KZ. Алматыда облыстық дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетімен келісіліп «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары: өңіраралық тәжірибе алмасу» республикалық семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру, еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, зайырлылық қағидаттарды ілгерілету, діни ахуалды зерделеу саласында тәжірибе алмасу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс идеяларының алдын алу болып табылады.
Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы Арын, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиевпен дін саласына жауапты мамандар қатысты.
Жиын аясында «Дін – бірліктің рухани тірегі» атты фильм көрсетіліп, Алматы облысының Дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» мен «Діни экстремизм құрбандарымен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» жұмыстары таныстырылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ