Захарова Таяу Шығысқа қатысты АҚШ мәлімдемесіне жауап берді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ресейлік ресми өкіл соңғы жиырма жыл ішінде Таяу Шығыста АҚШ жүзеге асырған сәтті жобаларды еске түсіруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым ­­­–­­ Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэвид Шенкердің «Ресей Таяу Шығыстан кетуі керек» деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости

«Мен Таяу Шығыстағы соңғы жиырма жылда америкалық жобаның қайсысы сәтті болғанын анықтағым келеді? Тек, өлім мен қирату. Одан басқасы біздің есімізде жоқ», — деді ол 

Сонымен қатар, «Шенкер «сәтті жобаның» нәтижесін осылай көретін шығар», ­деп толықтырды дипломат.

Сирия ресми билігінің сұрауы бойынша Ресей 2015 жылдан бері Араб Республикасына терроризмге қарсы күресіп, елді қалпына келтіру ісінде әскери және басқа да көмек көрсетіп келеді. 

Оқи отырыңыз: АҚШ ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарттан шығуға дайындалып жатыр – Захарова



sputniknews.kz