Зағипа Балиева кімдердің зейнетке шығу жасын қысқарту керек екенін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Депутат мүгедек балалар мен оларды бағып отырған ата-аналардың мәселесін көтерді   

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева жарымжан бала бағып отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды.

Сондай-ақ, оның пікірінше, мүгедек бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 18 жастан кейін де қалдыру керек, деп хабарлады «Астана» арнасы.

Бүгінде Қазақстанда 18 жасқа дейін 87 мың мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олар үш топқа бөлінеді. 63,3 мыңы туа біткен ауытқулар мен жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан. Есту қабілеті бұзылған балалар саны – 4,5 мың, көру қабілеті бұзылғандар – 4,5 мың, жүріп-тұруында қиындығы барлар – 28 мың. Зағипа Балиева елде кәсіби психолог жоғын айтты. 

«Дайын кәсіби психологтар жоқ. Мәскеу мектебі, Петербор мектебі бар. Бірақ Қазақстан қоғамына бейімделген мамандар жоқ. Білім министрлігі осыған назар аудару керек. Ғалымдар бар, ғылыми жұмыстар жазылады. Психиатор бар. Бірақ психологтар жоқ. Біз балалар суициді бойынша үшінші орындамыз», — дейді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі.



sputniknews.kz