Ысырапшылдық: Қыздың артынан 12 тон әкелгендер көпшіліктің қызу талқысына түсті (видео)

0

Қыздың артынан 12 қымбат тон әкелгендердің видеосы желіде тез тарады. Мұны көрген жұрт қызу талқылай бастады. Бұл мақтан мен ысырапшылық деп сөкті.

Қазақ қызы тұрмысқа шыққанда артынан төсек-орны мен дүниесін алып барады. Алайда қазіргі төсек-орын күннен күнге жарыс болып бара жатқандай. Желіде қыздың артынан 12 қымбат тон әкелгендердің видеосы желдей есті. Бірі мұны ысырапшылық десе, бірі құр мақтан деп ашуланды. Енді бірі әркім көрпеге қарай көсіледі деп ақтады.

“Қыздың жасауын көрсетейік. Мынау – қызыл тон, мынау  – қара тон. 12 жағалы киім. Әрқайсысын жарқырап киіп жүреді. Заманға сай, қазіргі сәндегі тондар”, – деді таныстырушы.

Одан бөлек бас киімдерін, өзге де дүние-мүлкін таныстырды.

  • “Мұндай құр ысырапшылықтың не керегі бар?”, “Қазір бәрі жарыс болып кетті”, “Ысырап жақсы нәрсе емес”, “Шамасы келсе, ала берсін”, “Қандай күшті, 12 айда 12 тон кие ме?”, “Бұл жарыс па?”, “Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар”, ”Байлар не істерін білмей жүр”, “Қазақ бұрын бай болған, әр қызына осылай жасау жасаған”, “Қазақ қызының қалың малы жүз жылқы, жүз түйеге дейін барған, онда тұрған ешнәрсе жоқ”, “Ақшасы жоқ жігіттер үйленбей ме сонда?”, “Шамаға қарай көсіледі ғой”, “Жаз болмайтын жаққа келін болған ба?”, “Жастар бақытты болсын”, “Екі жасқа бақыт тілеймін”, “Бар болса бере берсін. Байдың асын байғұс қызғанады болмай әркім барын базарласын”– деп жазды желідегілер.

https://www.youtube.com/watch?v=4C6bYfP4zFM