Ыстықкөлдегі отбасылық демалыс қайғылы оқиғамен аяқталды
Чолпон-Ата қаласы жағажайларының біріндегі демалыс қайғылы оқиғамен аяқталды — жас жігіт қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Turmush басылымына сілтеме жасап .
Апат 12 шілдеде шамамен сағат 16: 30-да болған. Азамат 1990 жылы туған, жағажайда демалып жүргенде суға батып кеткен. Алаңға екі сүңгуір мен бес құтқарушы келген. Мәйіт судан шығарылып, полицияға тапсырылды.
Turmush басылымы хабарлағандай, оқиға қалаға жақын жағажайда болған. Сол күні 1950 жылы туған және 1959 жылы туған ерлі-зайыптылар ұлдарымен бірге жағажайға келеді. Баласы катамаранды жалға алған.
Содан кейін ол катамараннан көлге сүңгіп кеткен. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, соңғы рет секіргенде ұлы көзден ғайып болған. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды, олар жігіттің мәйітін судан шығарды.