Ыстықкөлде Өзбекстаннан келген турист суға батып кеткен

0

Ыстықкөлде 69 жастағы Өзбекстаннан келген турист суға батып кеткен. Алдын ала дерек бойынша, оқиға 28 маусымда түстен кейін болған. Оны судан құтқарушылар алып шыққан. Жедел жәрдем дәрігерлері келгенге дейін әйел көз жұмған.

Туристің Ташкенттен келгені айтылады. Оның сүйегі мәйітханаға жеткізіліп, қажетті сараптама тағайындалған. Полиция оқиғаны зерттеп жатыр.

Өзбекстан азаматы «Қырғыз жағалауы» пансионатында демалған. Туристік маусым басталғалы бері мұнда осымен екінші рет адам өлімі тіркеліп отыр. Бұған дейін 8 сынып оқушысы көз жұмған.

Azattyq