Ыстықкөл облысында жергілікті тұрғынның көлігін тартып алған қазақстандық ұсталды

0

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Бактуу-Долоноту ауылының тұрғыны полицияға белгісіз біреу ВАЗ-2104 нөмірлі көлігін күшпен тартып алды деп шағымданған. Бұл оқиғадан кейін бұрын арнайы қызметте істеген Қазақстан азаматы ұсталған. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Ыстықкөл облысының ішкі істер басқармасының хабарлауынша, ұсталған азамат мас күйде болғанын, қылмысты саналы түрде жасамағанын айтқан.

Ақпарат бойынша, шағымданушы 6 шілдеде күдіктіні Бактуу-Долоноту ауылынан Кара-Ой ауылына көлігімен жеткізген. Кара-Ойға жеткен соң күдікті оның бетінен ұрып, көлікті тартып алған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Azattyq