Ыстық шайдың өлімге әкелетін қаупі анықталды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ғалымдар ыстық шай мен кофеге қатысты зерттеудің қорытындысын жариялады

АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Америка ғалымдары ыстық шай немесе кофені көп ішу асқазандағы жараның ұлғаюына әкеліп соғуы мүмкін деген қорытындыға келді, деп жазды The Mirror.

Зерттеу 2004 пен 2017 жылдар аралығында жүргізілген. Оған 50 мыңнан аса адам тартылыпты. Олардың 317-сінен асқазан обыры анықталған. Көбісі 60 пен 70 жас аралығында ер адамдар.

«Мұндай кезде адам жұтынған кезде қиналып, тамақтан соң құсқысы келеді, ас бойына сіңбей, тәбеті жоғалады, салмағы кеміп, іштің жоғары бөлігі, кеуде тұсы мен арқасы ауырады», — деп жазылған басылымда.

Тексере келгенде асқазан обырына шалдыққандардың 90 проценті ыстық шай немесе кофе ішетін болып шыққан.

Тағы оқыңыз: Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі жеті белгісін атады 

Ғалымдардың айтуынша, денсаулық керек болса, алдыңызға келген шайды немесе кофені суытып ішкен дұрыс, әйтпесе асқазаныңыз бен тамағыңыз көпке шыдамайды.

«40-30 градустан төмен болса, тіпті жақсы», — дейді олар.



sputniknews.kz