Ықылас Олжайұлы: Қазақ үшін Қайрат Нұртас пен Баян Есентаеваның авторитет болуы — қателік
Ақын, журналист, ұстаз Ықылас Олжайұлы отандық арналардың біріне берген сұхбатында ана тілдің мүшкіл халі туралы сөз қозғайды.
«Айтпай кетуге болмайтын мәселе — тіл мәселесі. Мысалы, тілді көбісі коммуникация деп есептейді. Бір жағынан мұнымен кішкентай келісуге болады. Бірақ менің түсінігімде тіл — экожүйе, тағдыр. Эмиль Шарон деген адамның айтатыны бар: «Адам елде өмір сүрмейді, тілде өмір сүреді. Ел дегеніміз тілдің өзі ғана», — дейді. Айтқым келіп отырғаны — қазіргі саяси корпустың тілге деген қадірі-қатынасын біз білеміз. Менің бұл жерде жүрегімді бір ауыртатын дүние бар. Тілге қатынастық өнер болады. Ол — көшелік, әншілік.
Тілге қатысты этнограф болса, осылардың өмірі біздің тілге деген сүреңсіз жағдайымыз қандай болды, бұлардың да өмірі тура сондай болды. Тіл қаншалықты саяси өмір үшін қажетті корпус болса, олардың өмірі соншалықты деңгейде қадірсіз болды. Кеше ғана қобыз тартудан теңдесі жоқ Сматай Үмбетпаевтың дүниеден өтіп кетуі, бір жазбасының қалмауы осының кесірі. Қазақ халқы үшін әркімнің орны бар. Бірақ айтайын қазақ халқы үшін Қайрат Нұртастың, қазақ халқы үшін Баян Есентаеваның авторитет болуы — қателік. Менің түсінігімде арзан күлкі, арзан сөз алға шықпауы керек. Интеллектуалдық әлпет алға шығуы керек. Пайым алға шығуы керек. Сол авторитет болуы керек», — дейді журналист.