Ынтымақтастық арта түседі

0
90

Жалпы, аталған сапар екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар тарихында сыртқы істер министрлері деңгейіндегі ал­ғаш­қы сапар болуымен ерек­ше­леніп отыр.

Сыртқы істер министрі Қай­рат Әбдірахмановпен өткен келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-эко­но­мика­лық және мәдени ынты­мақ­тас­тық­тың қазіргі жағдайы мен келе­ше­гін тал­қы­лады. Құры­лыс, энер­гетика, ауыл шаруа­шы­лығы, көлік-логистика, инф­ра­құ­рылым және туризм салала­ры ын­ты­мақтастықтың перспек­тива­лық бағыттары болып анықталды.

Албания делегациясы Қазақ­­стандағы шетелдік ин­вес­торлар үшін қолайлы жағ­дайлар мен артықшылықтар туралы, сондай-ақ «Астана» халықаралық қар­жы орталығы шеңберіндегі ын­ты­мақтастық мүмкіндіктері туралы хабардар болды.

Екі ел арасындағы тауар ай­­на­лымының көлемі төмен, осыған байланысты сауда-эко­номикалық ынтымақтастық қарқынын қамтамасыз ету мақ­сатында тараптар сауда-эко­номикалық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау және қосар­лан­ған салық салуды болдырмау туралы үш негізгі келісімге қол қою процесін жеделдету туралы уағдаласты. Сонымен қатар келіссөздердің күн тәртібінде өзара құқықтық көмек көрсету туралы құжаттар бар.

Халықаралық және аймақ­тық күн тәртібіндегі өзекті мәселе­лер, соның ішінде Орталық Азия мен Балқан аймағындағы жағдай туралы пікір алмасылды. Қазақстан мен Албанияның негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқ­сас­тығы БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы сияқты платформалар аясында әріптестікке мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.

Бұл тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ха­лық­аралық жанжалдарды рет­теудегі жеке үлесі атап өтіліп, сондай-ақ Мемлекет басшысы Астана клубының шеңберінде жасаған бастамалар – 1975 жылғы Хельсинки процесін жаңарту, оған қоса 2020 жылы Ас­танада қауіпсіздік және ын­тымақтастық жөніндегі конференцияны өткізу және ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі мен АСЕАН Аймақтық форумының бірінші бірлес­кен консультативтік кездесуін ұйым­­дастыру туралы айтылды.

Келіссөздер барысында Қазақ­­стандық тарап Албанияның 2020 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кандидатурасын қолдауға және осы ұйымға төрағалық ету тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді. Ал Албания тарапы Қазақстанның аталған ұйымға табысты төрағалығының тәжірибелерін пайдалануға құлықты екендіктерін білдірді.

Ресми кездесуден кейін жур­налистер алдына шыққан ми­нистрлер екі елдің қарым-қатынастарының маңызды бағыттары туралы айтып берді.

 – Дитмир Бушати мырзаның сапары екіжақты қарым-қаты­нас­тарды одан әрі дамытуға және екі ел арасындағы ынты­мақ­тастықтың болашағын ай­қын­дауға және дамытылуы тиіс бағ­ыттарды нығайтуға ықпал етеріне сенімдімін, – деді Қ.Әбдірахманов.

Кездесу аясында бірқатар екіж­ақты құжаттарға – Қазақ­станның Сыртқы істер ми­нистрлігі мен Албанияның Еуропалық және сыртқы істер министрлігінің арасындағы ынтымақтастық туралы хат­тамаға, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Тирана­ның сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында өзара түсініс­тік меморандумына аталған құрылымдардың басшылары қол қойды.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»