WhatsApp жұмысын тоқтатпақ

0

2023 жылдан бастап Apple, Samsung және Huawei компанияларының смартфондарында WhatsApp желісі болмайды.

Gizchina.com сайтының хабарлауынша, Android және iOS операциялық жүйелерінің нұсқасы ескірген телефон иелері қосымшаға қол жеткізе алмайды.

Сарапшылар қосымшаның енді 49 гаджет үлгісінде жұмыс істемейтінін айтады.

«Бұл жолы iPhone-ның екі үлгісі ғана, сондай-ақ көптеген ескі Android смартфондары қосымшаға қосыла алмайды», — делінген сайт материалында.