WADA Ресейді Олимпиададан 4 жылға шеттетті: танымал спортшылар не дейді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің шешімі 21 күннен кейін күшіне енеді. Оған дейін апелляциялық шағым түсіруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) ресейлік спортшыларды төрт жылға олимпиададан шеттетуге шешім қабылдады. Енді, алдағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына тек «таза» спортшылар ғана қатыса алады. Соның өзінде әнұран мен туды шығаруға рұқсат жоқ. Sputnik-ке сұхбат берген танымал ресейлік спортшылар осы шешімге қатысты өз пікірін білдірді.

Ресейдің спорттық күрес федерациясының президенті, 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының чемпионы Михаих Мамиашвили спортшыларға не дерін әлі де білмей отырғанын ашық айтты.

«Шынымды айтсам, спортшыларға не айтатынымды әлі білмей отырмын. Иә, алаңдаушылық болды. Дегенмен, бәрі ойдағыдай болады деп сендік. Себебі біз көп жағдайда барлық талап мен мақсатқа сай болып тұрмыз. Жүйелі тәртіп бұзушылықтар жоқ. Бұл — бір рет қана болған жағдай, сирек болатын жағдай», — деді Мамиашвили Sputnik Грузияға берген сұхбатында. 

Танымал спортшы WADA-ның Ресей жағынан күнделікті допингке қарсы шараларға мән берілмегеніне де өкініш білдірді.

«4 жыл бұрын болған оқиғалардан кейін президенттің мәлімдемесі де жасалды. Жалпы, жүйеден ақаулық кетті. Содан допингке қарсы ауқымды шаралар қолға алынды. Семинарлар ұйымдастырылды, құқық қорғау органдары да атсалысты. Тұтас шаралар кешені басталды, біз онымен күнде айналысамыз. Өкінішке қарай, оны ешкім байқаған жоқ», — деп атап көрсетті Мамиашвили.

Ал ресейлік бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлёв WADA-ның шешімін жоққа шығару қажет деп санайды.

«Меніңше, бұл ақылсыз шешім болды. Дұрыс шешім емес, оған қарсылық білдіру керек. Өзімізді ақтап шығуымыз қажет. Ал спортшыларға еңсені түсірмеу керек. Таза спортшылар қатысуы тиіс. Бірақ мен біздің жігіттерімізбен сөйлестім. Олар тусыз және әнұрансыз бармаймыз дейді. Енді, тағы сөйлесіп көреміз», — дейді ол.

Ресей құрамасының спортшысы Яна Егорянның дауысында ашу-ыза барынша сезілді. Бірақ ол эмоцияға берілудің қажеті жоқ деп санайды. Спортшылар өз дайындықтарын көрсетуі керек.

Министр Қазақстанның Токио Олимпиадасында қанша медаль алуы мүмкін екенін айтты

«Енді, спортшылар не істеу керек? Әрине, жұмыс істеп, жаттығуларды жалғастыра беру қажет. Сөйтіп, Олимпиада ойындарында абыроймен өнер көрсеткен жөн. Шешім қабылданды, оны талқылаудан пайда жоқ. Ендігі мақсат – біздің дайындығымызды көрсету», — деді Егорян Sputnik Армения тілшісіне берген сұхбатында. Оның сөзіне шаңғы жарыстары федерациясының басшысы Елена Вяльбе де қосылып отыр.

«Әрине, еңсемізді түсірмеуіміз керек. Бұл дау-дамайға ешбір қатысы жоқ спортшылардың тағдырымен олай ойнауға болмайды», — дейді ол.

Айта кетейік, WADA-ның шешімі 21 күннен кейін күшіне енеді. Оған дейін апелляциялық шағым түсіруге болады.



sputniknews.kz