WADA қазақстандық допингке қарсы зертхананың аккредитациясын қайтаруы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық допингке қарсы зертханасын WADA Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі қайта тіркеуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн режимінде өткен халықпен есептік кездесуде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

«2016 жылдан бастап спортшылардың допингке қарсы зертханасы WADA қазақстандық зертхананы аккредиттеуінен бас тартқан. Министрлік Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірлесіп, оны қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Бүгінгі күні зертхана ауданы 1700 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшірілді, WADA стандарттары мен талаптарына сай келетін заманауи жабдықтар алынды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде зертхана WADA аккредиттеуін қалпына келтіруге үміткер болды», — деді министр. 

Еске салсақ, Қазақстанда допингке қарсы бірнеше жанжалдан кейін дене шынықтыру және спорт туралы заң күшейтілді.

Спортшыларға, жаттықтырушылар мен менеджерлерге ақшалай ынталандыруды қайтаруға, Олимпиада ойындарының және басқа жарыстардың жеңімпаздарына берілетін баспанаға, өмір бойы материалдық қамтамасыз етуді төлеуді тоқтатуға, спорттық атағы мен дәрежесінен айыруға байланысты әкімшілік және тәртіптік жаза күшейтілді. Спортшыға допинг қолдануды тағайындаған адамдар 200 АЕК айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылады. 

stan.kz